Павлодар қ., Камзин көш., 57

Ақпарат

«Спецмашин» ЖШС – 1941 жылы құрылған кәсіпорын қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысады.
Кізіргі таңда кәсіпорында 300 артық адам қызмет етеді, 100 бірлік арнаулы техника бар, оның 70 күнделікті, демалыссыз, кез-келген ауа райында – жауын-шашында, желде, аязда – қатаң белгілі бағыт бойынша шығады.
Кәсіпорынның автопаркі жыл сайын жаңа техникамен толықтырылады, ал қолданыстағысы дұрыс қалпында сақталады, санитарлық-техникалық нормаларға сәйкес, мерзімінде техникалық қызмет пен жөндеуден өтеді.
Кәсіпорынның жөндеу-техникалық базасы көлік құралдарының жөндеу жұмыстарының толық циклын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.